Еліміздегі барлық мектепке камера орнатылады

8 Қаңтар 2020, 13:54
6442
Бөлісу:
Еліміздегі барлық мектепке камера орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша білім саласын дамытуға 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Оның басты мақсаты – білім беру сапасын және мазмұнын арттыру.

Бағдарлама аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100% қамтамасыз етеміз. Қалалық және ауылдық жерлердегі оқыту сапасындағы айырмашылықты 2 есеге азайтамыз. Апатты жағдайдағы 121 мектепті және 3 ауысымды 37 мектептің мәселесін шешеміз. Елдімекендерде интернаттар саламыз, интернет жүргіземіз және 700-ден астамын спорт залмен қамтамасыз етеміз. Басты сұрақтардың бірі – балалардың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жағдай жасау. Ол үшін біз 1 қыркүйекке дейін барлық мектептерді бейнебақылаумен қамтамасыз етеміз, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, жоғары білім саласын қаржыландыру 2 есеге артады, ал ғылым саласына берілетін қаражат 7 есе өседі.

Қазір көп айтылып жүрген сын еліміздегі жоғары оқу орындарына, әсіресе жеке меншік ЖОО-лардағы білім сапасына байланысты болып тұр. Жыл соңында Үкімет комиссиясы құрылды, жақында отырыс өтті. Қазір 707 жоғары оқу орнына оларды оптимизациялау жөнінде тапсырма берілді, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы