Еліміздегі әскери жоғары оқу орындарының өзара қарым-қатынасы кеңею үстінде

5 Наурыз 2022, 03:19
1120
Бөлісу:
Еліміздегі әскери жоғары оқу орындарының өзара   қарым-қатынасы кеңею үстінде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі әскери жоғары оқу орындарының өзара қарым-қатынасы кеңею үстінде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілді.

Осы құжатқа әскери жоғары оқу орындарының бастықтары, генерал-майорлар Асқар Мұстабеков пен Бауыржан Әбжанов қол қойды.

Меморандум оқу үдерісі мен ғылыми қызметті ұйымдастыруға, бірлескен конференциялар, дәрістер мен семинарлар өткізу ауқымында тәжірибе алмасуға негіз болады. 

Ынтымақтастық сондай-ақ оқытушылар құрамының курстық даярлығы және курсанттардың тағылымдамасы барысында өзара іс-қимылды көздейді.

Бұған дейін Құрлық әскерлерінің әскери институты Ұлттық ұлан академиясымен осындай меморандумға қол қойған болатын.

Өзгелердің жаңалығы