Еліміздегі «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң қабылданды

3 Қараша 2022, 11:48
1283
Бөлісу:
Еліміздегі «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң қабылданды

Бүгін өтіп жатқан Сенат отырысында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 
16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасының мақсаты – адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы дәйекті жетілдіру, атап айтқанда, адам және азамат құқықтарын іске асырудың кепілі ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесін бекіту бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-1-бабын іске асыру, - деп атап өтті Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков. 

Заң жобасының негізгі міндеттеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің құқықтық мәртебесін, қағидаттары мен кепілдіктерін конституциялық регламенттеу арқылы ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметін жүйелі нығайту; адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тәуелсіздігінің, ашықтығының, бейтараптығының кепілдіктерін күшейту жатады. 

Өзгелердің жаңалығы