Еліміздегі 300 мың шетелдік көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін

18 Қазан 2022, 11:31
1509
Бөлісу:
Еліміздегі 300 мың шетелдік көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін

Үкімет отырысынан соң Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2023 жылдың 1 қырқүйегіне дейін елімізге кіргізілген 300 мың шетелік көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында заңға 2 өзгеріс енгізу керегін атап өтті. 

Бұл – Салық және Экология кодекстері. Әріптестеріміз заң жобаларын әзірлеп жатыр. Олар дайын болғанда біз құқықтық нормативтік актіні қабылдаймыз. Елімізде 300 мыңнан аса шетелдік көлік бар (Биыл 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кіргізілген – автор). Заң қабылданғаннан кейін жұмысты (көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуді – автор) бастаймыз, - деді ол Үкімет кулуарында. 

Марат Ахметжановтың айтуынша, шетелдік көліктерді рәсімдеу келесі жылы басталуы мүмкін.

Салық пен Экология кодекстеріне енгізілетін тиісті өзгерістерді өкілетті министрліктер дайындап жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін заң қабылданады деп жоспарланып отыр. Ол қабылданған соң, біз көліктерді қалай заңдастыруға болатыны туралы ережені дайындаймыз, - деді Ахметжанов. 

Еске сала кетейік, биыл Президент Қазақстан халқына жолдауында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді. Оларды рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы керек.

Өзгелердің жаңалығы