3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысында - 3 учаске:
1. «Астана-Петропавл» автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қ. («КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
2. «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 16-200 км, Астана қ.- Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км.
3. «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
Қарағанды облысында - 1 учаске:
1. «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
Павлодар облысында - 1 учаске:
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 205-259 км, Ақмола облысының шекарасынан- Шідерті ауылына дейін – 54 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 621 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.