Елімізде жыл сайын 600 бала қатерлі ісікке шалдығады

16 Ақпан 2022, 11:01
1198
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын 600 бала қатерлі ісікке шалдығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын елімізде 600-ге жуық бала қатерлі ісікке шалдығады. Мәселен, қауіпті дерт былтыр 591 баладан анықталған. Олардың 40%-на "лейкоз" диагнозы қойылады. Балалар онкологиясының жалпы құрылымында сонымен қатар ми ісігі, нейробластома, лимфома және ретинобластома да кездеседі.

Ал Қазақ онкология және радиология орталығының қабырғасында  200-ге жуық бала емделеді.

Орталық 20 балаға есептелген. Кішкентай пациенттеріміз сәулелік және химиятерапия алады. Қазіргі уақытта біз балалар арасында ПЭТ-диагностика жасалады. Сонымен қатар орталығымыздың базасында жақында киберпышақ және гаммапышақ томотерапиясы қолданыста бар. Мұндай аппараттар әлемде 8 дана ғана десек, біреуі бізде орналасқан. Балаларды емдеудің барлық түрлері  заманауи әлемдік хаттамаларға сай тегін көрсетіледі, — деп атап өтті ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова.

Сонымен қатар дәрігер балалардағы онкологиялық ауруларды анықтаудың қиындығына тоқталды.

Сондықтан ата-аналарды балаларының денсаулығына мұқият қарауға шақырамын. Обырды емдеудің тиімділігілігі диагнозды дер кезінде қоюға байланысты. Мәселен, бүйрек обырын УДЗ арқылы айқындауға болады. Бұл емханада жүргізілетін скринингке кететін уақытты үнемдеу үшін қажет. Ал скринингтер кезінде обырдың бастапқы сатылары айқындалады. Әйел адамдарға да жүктілік кезінде ультрадыбыстық скринингтен өтуге шақырамын, - деді онколог маман.

Өзгелердің жаңалығы