Елімізде жыл сайын 400 мыңнан аса доза қан құйылады

14 Маусым 2022, 14:02
1605
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын 400 мыңнан аса доза қан құйылады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев мәлімдеді. 

Елімізде жыл сайын пациенттерге 400 мыңнан астам доза немесе күніне 1 мыңнан астам доза қан құйылады. Ол үшін қан орталықтарына күн сайын мыңдаған еріктілер келеді. Ауыр созылмалы аурулары жоқ кез келген кәмелетке толған азамат донор бола алады, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сондай-ақ ол қан тапсыру қалай жүзеге асырылатынын алға тартты. 

Қауіпсіз қан құюды қажет ететіндердің барлығына қолжетімді болуы үшін барлық елдерде ерікті, ақысыз және үнемі қан тапсыруға дайын донорлар болуы керек. Халықтцң кеңінен және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін қан донорлығының тиімді бағдарламасының болуы бейбіт уақытта да, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалар кезеңінде де, қанға қажеттілік күрт өсетін немесе қан қызметтерінің қалыпты жұмыс режимі бұзылған кезде де қажетті қан құюды уақытылы орындауға мүмкіндік береді, - деді Дулат Имашпаев. 

Өзгелердің жаңалығы