Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам адам онкологиялық аурумен тіркеледі

12 Қараша 2024, 12:36
242
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам адам онкологиялық аурумен тіркеледі
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Онкологиялық ауруы бар адамдарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі өте өзекті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәрі-дәрмекке деген өтінім бізде диспансерлік есепте тұрған пациенттердің тізіміне қарай қалыптасады. Бірақ оған қоса басқа да пациенттердің пайда болатынына байланысты қосымша мөлшерге деген өтінім қалдыру керек. Қазақстанда жылына пациенттер (еск - онкологиялық ауруы бар) саны 20 мыңнан астам адамға өседі. Сол себепті бұл айтарлықтай күрделі міндет, – дейді Ержан Нұрлыбаев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда “СҚ-Фармация” компаниясы дәрі-дәрмектің (оның ішінде онкологиялық препараттар бар) таусылмайтын мөлшерін қалыптастыру жұмысын жүргізіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі онологиялық профильдегі дәрі-дәрмек препараттарын қажеттілік туындаған жағдайда бір диспансерден екіншісіне жеткізу (асқан жағдайда) тәжірибесін қолға алған. Әр пациентке ем-домның персоналды тәжірибесі қолданылады. Сол себепті белгілі бір диспансерге қажетті дәрі-дәрмектің тура қажеттілігін алдын ала айқындау мүмкін емес. Сондықтан, дәрі-дәрмек препараттарының пулын әзірлеп, оны бір диспансерден екіншісіне көшіру тәжірибесі қолданылады. Мұның оң эффестісі көрінер деген сенімдеміз. Ал келесі жылы сатып алынатын препараттардың мөлшері жайлы нақты мәліметтерді кейін береміз, – дейді Ержан Нұрлыбаев.

Бұған дейін елімізде 7 мыңға жуық дәрі-дәрмектің түрі бар екенін хабарлаған болатынбыз. 

Министрлік "Елімізде алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы