Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде жыл сайын 39 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. 14 мыңнан астам адам қайтыс болады. Ал онкологиялық есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр. Республикадағы өлім-жітім көрсеткішінде онкологиялық аурулардан қайтыс болу деңгейі үшінші орынды алып тұр, - деп атап өтті бас онколог.
Айтуынша, 2022 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру мәресіне жеткен.
Кешенді жоспардың мақсаты қатерлі ісіктердің ауыртпалығын азайту болды. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру кезінде қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің төмендеуінің оң үрдісі бар. 2018 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 78,1% немесе 14 369 жағдай, 2022 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 66,4% немесе 13 033 жағдай. Ал көрсеткіштің 9 пайызға төмендеуі байқалды. Өлім-жітімнің төмендеуі барлық аймақтарда тіркелген, - деді Диляра Қайдарова.
Айта кетерлігі, бүгін, 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні.
Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету.