Елімізде жыл басынан бері азық-түлік айтарлықтай қымбаттады

11 Қазан 2024, 15:12
330
Бөлісу:
Елімізде жыл басынан бері азық-түлік айтарлықтай қымбаттады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері азық-түлік айтарлықтай қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың тоғыз айында еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 2,9%-ға көтерілді.

Нан 6,2%-ға қымбаттады. Оның ішінде қара бидай наны – 8,4%, жоғары сұрыпты бидай наны – 6,4%, бірінші сұрыпты бидай наны – 5,4% қымбаттаған. Сүт өнімдерінің бағасы 4,3%-ға өсті. Ашытылған сүт өнімдері - 4,8%, ірімшік пен сүзбе – 2,7% қымбаттады, - делінген мәліметте.

Ал ет және ет өнімдерінің бағасы жыл басынан бері 2,6% өсті. Құс еті – 4,7%-ға, шұжық өнімдері – 4,1%-ға, ет өнімдері – 2,6%-ға, шошқа еті – 2%-ға, сиыр еті – 1,9%-ға, жылқы еті – 1,2%-ға қымбаттады.

Өзгелердің жаңалығы