Республика бойынша жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының деңгейі тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Тауардың бірнеше санатына баға тұрақты төмендеген.
Мәселен, биыл жыл басынан бастап жұмыртқа бағасы 3,0%-ға төмендеді. Бұл тауар халық күнделікті тұтынатын негізгі тауарлардың бірі және оның бағасының тұрақтылығы Үкімет пен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі, – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, биыл ақпанда Сауда және интеграция министрлігі, салалық қауымдастықтар және сауда желілерінің өкілдері арасында меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес С1 санатындағы жұмыртқаның ең жоғарғы сату бағасы ҚҚС есебімен бір данасына 55 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді.