Елімізде жуғыш заттар өндірісі артты

30 Қаңтар 2024, 21:10
606
Бөлісу:
Елімізде жуғыш заттар өндірісі артты
Фото: Shutterstock.com

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде жуғыш заттарды өндіру 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, жоғарыда аталған тауарлардың  18,3 мың тоннасы өндірілген.Сондай-ақ, жуғыш заттардың импорты 32,1%-ға өскен

Мәселен, өткен жылдың 11 айында 162,6 мың тонна өнім импортталған (123,1 мың тонна – 2022 жылғы қаңт.- қар.).

Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы 89,9%. Бұл ретте аталған өнімдердің экспорты 26,2%-ға өсті.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 19 мың тонна жуғыш зат экспортталған. Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 161,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 32,1 пайызға артық. 

Өзгелердің жаңалығы