Елімізде жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қандай шаралар атқарылатыны айтылды

3 Ақпан 2022, 13:01
1756
Бөлісу:
Елімізде жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қандай шаралар атқарылатыны  айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов болашақта жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін министрлік қандай шаралар әзірлегенін айтты.

Ең алдымен Шымкент МӨЗ-інде өңдеу қуатын кеңейту.

Сондай-ақ ҚР МӨЗ-дерінде ұзартылған күрделі жөндеу мерзіміне көшу. Республикада мұнай өнімдері қорларының резервтері құрылатын болады. МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелту мерзімдері үйлестіріледі.  Сонымен қатар мұнай базаларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі, -деді Энергетика министрі.

Болат Ақшолқовтың дерегінше, 2022 жылға жоспарланған мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны,  автобензин -4985 мың тонна және дизель отыны-5133 мың тоннаны құрайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы