Елімізде жаңа автомобильдердің сатылымы артқан

16 Наурыз 2023, 01:25
1362
Бөлісу:
Елімізде жаңа автомобильдердің сатылымы артқан
Фото: azattyq-ruhy.kz

Биыл ақпанда отандық ресми диллерлер 12 405 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар 710 жүк көлігі мен автобус сатқан. Бұл 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 69,1%-ға көп. Ал жыл басталғалы 23 547 көлік өткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, деп хабарлады BAQ.KZ Қазақстандық Автобизнес қауымдастығына сілтеме жасай отырып.

Үздік брендтер көшін әдеттегідей Chevrolet бастап тұр. Мұндай маркалы көліктің ақпанда 3 612 (2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда +329%) моделі сатылған. Hyundai диллерлері 3 458 (+55,4%) машина өткізді. Ал 1 815 автомобилі иесін тапқан Kia (+122,7%) үштікті түйіндеп тұр.

Қауымдастықтың мәліметінше, Toyota модельдік топтамасына RAV4-ті қайтарғаннан кейін, бұл марка көлік саудасына оң әсер етіпті – 873 дана (-8,5%). Ал 667 машина сатқан Chery бесінші орынға тұрақтады.

Әрі қарай тізімде Exeed (370), Haval (352; +147,9%), Jac (322; +114,7%), Changan (247) және Lexus (237; +41,9%) бар.

Модельдер қатарында 2 652 данасы өткен Chevrolet Cobalt оқ бойы озық тұр. Екінші орын Hyundai Tucson (1 293) еншісінде, ал үшінші орынға Chevrolet Nexia (710) жайғасты. Одан бөлек тізімде Hyundai Elantra (580), Kia Sorento (553), Kia Sportage (531), Hyundai Santa Fe (520), Hyundai Accent (452), Kia Ceed (303) және Hyundai Sonata (292) орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы