Елімізде жалға берілетін тұрғын үйдің кілтін 2743 көпбалалы отбасы алды

7 Қыркүйек 2019, 01:36
1467
Бөлісу:
Елімізде жалға берілетін тұрғын үйдің кілтін  2743 көпбалалы отбасы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ағымдағы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2743 көпбалалы отбасы жалға берілетін тұрғын үйдің кілтін алды.

Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, ең көп жалға берілетін пәтерлер Шығыс Қазақстан облысында (366) берілді, екінші орында көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Павлодар облысы (323), үшінші орында Алматы қаласы (322) тұр.

Ал, ең төменгі көрсеткіш Мағыстау (9), Батыс Қазақстан (42), Солтүстік Қазақстан (51) облыстарында тіркелген. 

Өзгелердің жаңалығы