Елімізде заңсыз қоқыс үйінділері жасанды интеллектің көмегімен анықталып жатыр

Кеше, 11:05
226
Бөлісу:
Елімізде заңсыз қоқыс үйінділері жасанды интеллектің көмегімен анықталып жатыр
Фото: pixabay.com

Бұл туралы үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл заңсыз қоқыс орындарын жою шараларын қолданбаған 159 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы заңсыз ағаш кесу бойынша 112 факті анықталды. Оның 56-сы бойынша материалдар сотқа жолданды.

Аумақтық экология департаменттері стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы "Қазақстан Ғарыш Сапары" спутниктік деректері негізінде жұмыс жүргізуде. Әрбір анықталған факт бойынша мамандар үйінділер орналасқан жерге барып, оларды тіркейді. Одан кейін әкімдіктерге осы үйінділерді жоюға нұсқама беріледі. Егер белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылданбаса, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар заңсыз ағаш кесу мәселесі бойынша да жұмыс жүргізілуде. "Қазақстан Ғарыш Сапары" спутниктік деректері негізінде анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі. Жасанды интеллект технологияларын пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың тиімді құралы, - дейді Ерлан Нысанбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, енді мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллект оқытылады.

Өзгелердің жаңалығы