Елімізде ылғалды көп қажет ететін мақта, күріш, пияз сияқты дақылдарды өсіру қысқаруы мүмкін

28 Қаңтар 2022, 17:25
3099
Бөлісу:
Елімізде ылғалды көп қажет ететін мақта, күріш, пияз сияқты дақылдарды өсіру қысқаруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

Вице-министр өз мәлімдемесінде трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы арналарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін сондай-ақ  суландыру желісінің магистральдық және шаруашылықаралық арналарында тазарту жұмыстарының қайта жанданатынын атап өтті.

Жоспарда мақта, күріш, пияз сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы дақылдар егуге арналмаған жерлерде күріш егуге жол бермеу, сондай-ақ АШМ мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы Меморандумға сәйкес күріш алқаптарының алаңдарын азайту жөніндегі шаралар көзделген, -деді С.Қожаниязов.

Оның атап өтуінше, Оңтүстік өңірлердің әкімдіктерінен су аз болған жағдайда вегетация жүргізу үшін шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар сұралды.

Сонымен қатар спикер өзен бассейндері бойынша су жинау көлемін айтты.

Қазіргі уақытта су қоймалары жоспарлы кестелерге сәйкес жұмыс істейді. Жалпы, су тасқыны қаупі бар бассейндерде қар жинау процесі наурызға дейін жалғасады және көктемгі кезеңге арналған негізгі гидрологиялық болжам 2022 жылғы 1 наурызда ұсынылады.Су тораптары арқылы тасқын суларды апатсыз өткізуді пайдалану ережелеріне және негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес және ТЖМ жергілікті атқарушы органдарымен және қызметтерімен үйлестіре отырып қамтамасыз етілетін болады, -деді  Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов. 

Өзгелердің жаңалығы