Елімізде ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтар саны артты

17 Шілде 2023, 09:43
789
Бөлісу:
Елімізде ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтар саны артты
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35% - ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Егер 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл сан 584 мың адамға жетті. Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді - 28 мың адам. 

Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Бірден бірнеше облыста спортшылар саны 10 мыңға өсті. 

Бұл Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін). Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді. Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр. 

Ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығының артуы — бұл Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. Әрине, бұл ірі халықаралық турнирлерді өткізу ғана емес. Мысалы, қажет инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, елімізде 16,5 мыңнан астам жаңа үйірмелер ашылды, қолданыстағы жарыстардың форматы өзгеруде,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Өзгелердің жаңалығы