Елімізде ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды

28 Сәуір 2023, 23:24
637
Бөлісу:
Елімізде ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды
Фото: ҰТО

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2023 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.

28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1 мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында 2 мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады. Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды, - делінген Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:

-2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;
-мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
-шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
-қандастар;
-шартты түрде оқып жатқан студенттер.

Өзгелердің жаңалығы