Сауда министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасының жаңа редакциясын және оған ілеспе заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тұтынушыларды қорғау жөніндегі қазіргі заңның ескіргенін атап өтті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңға соңғы түзетулер төрт жылдан астам бұрын енгізілген.Бірақ құқық қолдану тәжірибесі оның қазіргі уақыт талабына сәйкес келмейтінін және тұтұнушыларды қорғаудың тиімділігіне әсер ететін құқұқтық кемшіліктерін көрсетті, – дейді Шаққалиев.
Оның сөзінше, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның қолдану аясы тек бөлшек сауда мен тұрмыстық қызметтермен шектеліп отыр.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұрғын үй-коммуналдық, көлік, медициналық, туристік, байланыс қызметтері және тағы басқа маңызды қызмет салаларында тұтынушылар құқықтары бұзылса, іс-шаралар қолдана алмайды. Үшіншіден, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері әлі де жеткілікті дәрежеде тиімді жұмыс істемейді, олардың қызметі жүйелі түрде бірізденбеген, – деп түсіндірді Сауда министрі.
Министр заң аясында, әсіресе электронды саудада заң бұзушылықтарға көп жол берілгенін айтады.
Тұтұнушылардың электронды сауда саласындағы бұзушылықтарға қатысты шағымдарының 2023-ші жылы 7732 дейін күрт өсіп, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 15 пайыздан асқаның айту қажет. Бұл электрондық сауда құралдарын белсенді пайдаланғанның белгісі. Сонымен қатар, 2022-ші жылмен салыстырғанда шағымдар санының өсуі 290% пайызға жеткен. Заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің, сондай-ақ Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттеліп нәтижесінде келесі новеллалар ұсынылып отыр, – деді Арман Шаққалиев.
Сауда министрі ілеспе заң жобасы мемлекеттік органдармен келісілгенін атап өтті.
Ілеспе заң жобасында негізгі заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында екі кодекске: Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу, сондай-ақ: Көлік, Туристік қызмет, Сауда қызметін реттеу, Ақпаратқа қол жеткізу, Табиғи монополиялар туралы бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобалары барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен келісілген. Заң жобалары Мәжілістің барлық жеті комитетінде қаралып, қолдау тапты. Заң жобаларын қабылдау нәтижесінде тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау жүйесі күшейіп қоғамның өмір сүру сапасы артатын болады, – деді ведомство басшысы.