Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр

15 Қараша 2021, 12:35
1633
Бөлісу:
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Жасұлан Байкенов хабарлады. 

Оның айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық – әлеуметтік проблемаға айналып отыр.

Өйткені ол құрбандардың өздеріне тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамды тұрақсыздандырады, әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіреді.

Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Отбасы мен тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар әрдайым Ішкі істер органдарының назарында. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 125 мыңнан астам арыз бен хабарлама келіп түсті. Оның 9645-іне қатысты азаматтық сот мінез-құлқына ерекше талаптар қоюды бекітті, - деп атап өтті Жасұлан Байкенов.

Сондай-ақ 40 мыңнан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

70228 тұлғаға жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық ұйғарым шығарылды. Ішкі істер органы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу міндеттерін орындап, отбасындағы зорлықтың себептерін анықтап, жояды, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Есірткісіз болашақ» науқаны басталғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы