Елімізде туристер саны өсті

27 Қаңтар 2023, 11:45
1391
Бөлісу:
Елімізде туристер саны өсті

Елімізде туризм дамып, туристер саны жыл сайын өсіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы мәселелері жөніндегі көшпелі кеңейтілген алқа отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» төрағасы Ержан Еркінбаев айтты.

Туризм саласы пандемиядан кейін қайта қалпына келіп жатыр. Соңғы 9 айдың ішінде қазақстандық туристер саны 6,5 млн болды. 2022 жылдың қорытындысы шамамен 8 млн болады деп отырмыз, - дейді ол.

Сөзінше, бұл 2025 жылға қойылған көрсеткіш болған.

Туризм қарқынды дамып жатыр. Еліміздегі турист саны өсті. Соған сәйкес жатын орын саны да өсіп келеді. Жыл басынан бері 11 мың жатын орын немесе қонақ үйлердің 5 мың орны пайдалануға берілді, - деп атап өтті Ержан Еркінбаев кеңейтілген алқа отырысында.

Ол аймақтардағы туризм көрсеткішіне де тоқталып өтті.

Барлық аймақ туризмнің дамып және туристер санының өсіп жатқанын көрсетіп отыр. Мысалы, былтыр Атырау облысында туристер саны 3,5 есеге өсті. Бұл өңірде бизнес туризмнің дұрыс жолға қойылып, дамып жатқанының көрсеткіші. Әрбір турист ұлттық парктерді аралайды. Елімізде 14 ұлттық парк бар. Олардың барлығында экожүйелер бар. Былтыр ұлттық парктерге шамамен 2 млн турист келді. Бұл – рекордтық көрсеткіш, - деді «Kazakh Tourism» басшысы.

Өзгелердің жаңалығы