Елімізде ТМД елдері инженерлік әскерлерінің өкілдерімен үйлестіру комитетінің отырысы өтті

27 Маусым 2022, 13:19
1283
Бөлісу:
Елімізде ТМД елдері инженерлік әскерлерінің өкілдерімен үйлестіру комитетінің отырысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы инженерлік-саперлік бригаданың базасында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы инженерлік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің XIII отырысы өтті.

 Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет отырысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс министрліктерінің инженерлік әскерлерінің, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесі Хатшылығының өкілдері де қатысты. Тараптар Достастық елдерінің қорғаныс ведомстволары инженерлік әскерлерінің өзара іс-қимыл мәселелерін қарап, ұлттық инженерлік бөлімшелерді даярлау бағдарламасын талқылады. Сонымен қатар 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын мақұлдады. 

Отырыс барысында қабылданған шешімдер жалпы және ұлттық мүдделерді ескере отырып, инженерлік әскерлердің әскери ынтымақтастық жүйесін дамытуға бағытталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы