Елімізде тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылды

17 Сәуір 2024, 07:05
257
Бөлісу:
Елімізде тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылды
Фото: gov.kz

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген әкелінген тырысқақ жағдайы ошағының сәтті жойылғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауды жалғастыруда және ел тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Біз азаматтарды саяхат кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Денсаулықты сақтаңыздар, мұқият болыңыз және медициналық мамандардың ұсынымдарын орындаңыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды.

Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті.

Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапар шегуді жоспарлап отырған адамдарға ұсыным беру маңызды.

Денсаулық сақтау министрлігі қатаң кеңес береді:

•⁠ ⁠Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

•⁠ ⁠Сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

•⁠ ⁠Тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;

•⁠ ⁠Жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу.

•⁠ ⁠Қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;

•⁠ ⁠Судың ауызға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу.

•⁠ ⁠Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

Өзгелердің жаңалығы