Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам пәтер ұрысы мен 175 қылмыстық топ ұсталды, деп BAQ.KZ. тілшісі.
Елде ұрлық оқиғаларын алдын алу үшін 68 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Тағы 22 мыңы тұрғындардың бастамасымен орнатылған. Соған қарамастан алаяқтық азаймай тұр.
Жыл басында Алматыда 3 гастролер-пәтер ұрысы ұсталды. Үшеуі де Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны екені анықталды. Олар пластикалық терезе арқылы үйге еніп, 5 пәтер ұрлығын жасаған. 9 миллион теңге залал келтірген үш азамат та 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жазда жедел-іздестіру іс-шаралары кезіндебұрын сотталған Ақмола облысы Щучинск қаласының тұрғыны ұсталды. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үш пәтер ұрлығын жасаған. Алаяқ келтірген шығын 3 миллион теңге, ІІМ КПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жүкенов.
Биыл ұрлық жасау деңгейі былтырғымен салыстырғанда 16,1%-ға төмендеген. Әсет Жүкенов пәтер ұрлығына жол бермеу жолдарын түсіндірді.
Есігіңізге кілт айналымы көп құлып орнатуға тырысыңыз. Тұтастай металдан жасалған есікті таңдаған дұрыс. Ұрылар көбіне терезеден енеді. Сол үшін стационарлық торлар орнатқаныңыз жөн. Ақша, қымбат бұйымдарды шкафтар мен матрацтардың астына емес, жақсы бекітілген сейфтерге сақтаңыз, -деді ІІМ КПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
Назерке Өтеген