Елімізде теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты

Бүгiн, 13:52
136
Бөлісу:
Елімізде теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты
Фото: ҚТЖ

Биылғы бірінші жартыжылдықта теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алты айда шикізаттық емес жүктер экспортының көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% - ға артық.

Атап айтқанда, химиялық және минералды тыңайтқыштар 11% - ға, түсті металдар 9% - ға, қара металдар 15% - ға және басқалар 11% - ға (бидай ұны, тұз, өсімдік майы және т.б) артты.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы бағытында жалпы экспорт белсенді түрде артып келеді. Мәселен, биылғы жарты жылдың ішінде өсім 19%-ды немесе 6,8 млн тоннаны құрады.

Айта кету керек, мемлекеттік органдар деңгейінде арнайы штабтар құрылып, жұмыс істейді.

Штабтардың отырысы апта сайын өткізіледі. Онда барлық мәселелер жедел қаралып, шешімін табады.

Өзгелердің жаңалығы