Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты негізінде, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқасының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:
№ 085/086 «Нұр-Сұлтан -Сарыағаш»
№ 021/022 «Қызылорда-Семей»
№ 313/314 «Атырау-Маңғыстау»
№ 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»
№ 373/374 «Алматы-Жезқазған»
№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау»
№ 603/604 «Нұр-Сұлтан -Арқалық»
№ 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»
№ 021/022 «Алматы-Семей»
№ 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»
№ 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда».