Осы жылдың 23-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде Алматы қаласында «Ауқымды толықтыра иммундау!» тақырыбында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Жүргізіліп жатқан иммундау апталығының міндеті – халықты вакцинациямен қамту деңгейін арттыру, халыққа әрбір баланың вакцинациямен алдын алатын аурулардан қорғалуы қажет екенін түсіндіру болып табылады.
Иммундау апталығын өткізу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күш-жігері қандай да бір себептермен профилактикалық егулерді уақтылы алмаған, сондай-ақ қол жеткізу қиын аумақта тұратын халықтың белгілі бір топтарын вакцинациялауға бағытталатын болады,- делінген хабарламада.
Вакцинопрофилактика медицинаның ең үлкен жетістігі және Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтаудың экономикалық тиімді шарасы болып табылады. Вакцинация – халықты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді құралының, сонымен қатар ең қауіпсіз медициналық араласулардың бірі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде туберкулезге, В вирустық гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, сіреспе дифтериясына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, гемофильді және пневмококкты инфекцияға қарсы вакцинация жүргізіледі.
Иммунопрофилактиканың қазіргі заманғы дамуының арқасында бүгінде «Пентаксим», «Гексакси» (сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге, гемофилді жұқпаға, В вирустық гепатиті мен полиомиелитке қарсы), сондай-ақ ҚҚП (қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы) вакциналардың екіден алтыға дейінгі компоненттерін бір дозада біріктіруге мүмкіндік беретін, инъекцалардың санын азайтатын вакциналар бар. Біздің елімізде қолданылатын барлық вакциналарды ДДҰ пайдалануға ұсынған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Республика аумағында қолданылатын вакциналар қауіпсіз және жоғары тиімді.
Вакцинацияның сөзсіз жетістігі – адамзат арасында шешек ауруын жою. Жаппай иммундауды жүзеге асырудың арқасында Қазақстан Республикасында соңғы жылдары күл, полиомиелит, дифтерияның токсигендік штаммдарын алып жүру сияқты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Қызамық, паротит, көкжөтел және басқа инфекциялармен сырқаттанушылық бірең-сараң жағдайларға дейін азайды.
Көптеген ата-аналар профилактикалық егулерге теріс көзқараспен қарайды, сондықтан балаларына егуден бас тартады. Бұл ретте әртүрлі әлеуметтік желілер сайттарында орналастырылған бұрмаланған, дұрыс емес ақпарат маңызды рөл атқарады. Балаларға вакцинациядан бас тартқан ата-аналар тек өздеріне ғана емес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін тудырады.
Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығын өткізу кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізілетін болады. Қаланың емханалары вакцинация мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсетуге, вакцинация туралы деректерсіз басқа өңірден келген немесе екпе алмаған балаларды егуге дайын.Вакцинация туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаларға хабарласыңыз. Вакцинация бірқатар жұқпалы аурулардың алдын алу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін өте маңызды екенін білу маңызды, – делінген хабарламада.