Елімізде соңғы 2 айда 60-тан астам қару тәркіленді

3 Маусым 2022, 21:30
1266
Бөлісу:
Елімізде соңғы 2 айда 60-тан астам қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 2 айда 60-тан астам қару, 13 граната және мыңнан астам оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылып, тәркіленді, деп жазды «Хабар 24». 

Сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «Қаңтар оқиғасында» ұрланған қару-жарақтарды Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тапты. 

Мәселен, «Макаров» тапаншасын өткізгісі келген ер адамның тұрғылықты мекенжайында қаңтар айында Талдықорған қаласының Полиция басқармасында қолды қылған тағы бір тапаншасының бары анықталды.

Алматы қаласындағы президент резиденциясына шабуыл жасағандарды ұстау кезінде «Глок» маркалы тапанша, 29 оқ-дәрі мен тегіс ұңғымалы 3 мылтық тәркіленді. Ал «Қазақстандықтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері тергеу кезінде 39 бірлік қаруды, жарық-шу гранатасын, бронежилет пен 98 оқ-дәріні өз еркімен тапсырды.
 

Өзгелердің жаңалығы