Елімізде «Слово пацана» сериалына тыйым салына ма? Министр жауап берді

5 Желтоқсан 2023, 12:15
760
Бөлісу:
Елімізде «Слово пацана» сериалына тыйым салына ма? Министр жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Ғылым және жоғары білім министрі  жасөспірімдер арасында кең таралып жатқан «Слово пацана» сериалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Ресей Федерациясында бірнеше мәлімдеме жасалды. Қазір бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Біз мерзімінен бұрын қорытынды жасағымыз келмейді. Мәселені зерттеп жатырмыз. Біздің министрлік ақпарат министрлігінен бірнеше сарапшыны бұл мәселеге тартты. Қажет болса, кейбір шешімдер қабылдануы мүмкін. Қазір қандай да дүрбелеңді көріп отырғанымыз жоқ, - деді Саясат Нұрбек Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев неге оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салынатынын түсіндірген еді.

Өзгелердің жаңалығы