Елімізде шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 7,9 пайызға артқан

19 Сәуір 2022, 09:20
1669
Бөлісу:
Елімізде шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 7,9 пайызға артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

2015 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму серпіні оң нәтижелерді көрсетіп отыр. ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 7,9%-ға артып, 34,7%-ға жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік өнімдерін шығару 2 есеге жуық артып, номиналды мәнде 29,7 трлн теңгеге жетті, -деді Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында.

Жақсылықовтың атап өтуінше, жұмыс істеп тұрған ШОК-тың жалпы саны 15,2%-ға артып, 1,4 млн субъектіге жетті. ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10,6%-ға артып, 3,5 млн адам болды.

Бұл ретте ел дамуының жаңа моделі елдің ұзақ мерзімді экономикалық өсу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сапалы өзгерістерді жалғастыруды талап етеді. Қазіргі кезде Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ШОК-ты қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары ұсынылады, -деді вице-министр.

Ол 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын қаржыландыру 57%-ға артып, 3,4 трлн теңгеге жеткенін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы