Елімізде «Shacman» жүк көлігінің жүруіне тыйым салынады

26 Желтоқсан 2023, 01:28
14835
Бөлісу:
Елімізде «Shacman» жүк көлігінің жүруіне тыйым салынады
Фото: архив

«Shacman» секілді жүк көлігі шұрық-тесік етіп, жол сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейді. Сондықтан бұл көлік түрін пайдалануға біздің елімізде тыйым салынады. Министрлік шектеу 2026 жылы енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ министрдің айтуынша, алдағы уақытта елордаға кіріп-шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейтін болады. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса, бірден айыппұл салынады.

Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің бірі - "Shacman". Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен. Ал бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды, - деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы