Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы сәуірде инфляция 0,9% құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарлады.
Баға ауыл шаруашылығы өніміне 1%-ға өсті, ал өнеркәсіпте - 11%-ға, құрылыста – 1,1%-ға төмендеді. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 1,8%-ға жоғарылады.Тек заңды тұлғаларға көрсетілген почталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалды.