Елімізде салалық дәрігерлер тапшы – Ажар Ғиният

28 Сәуір 2022, 12:11
1012
Бөлісу:
Елімізде салалық дәрігерлер тапшы – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, еліміздегі денсаулық сақтау саласы салалық мамандарға мұқтаж. 

Жылына 6 мыңнан астам дәрігер, соның ішінде 2 мыңнан астам көпбейінді дәрігерлер әзірленеді. Елдегі дәрігердің 2300-і алғашқы медициналық көмек көрсетеді, учаскелік, жалпы практикалық дәрігерлер тапшы. Ауылдық елді мекендерде де дәрігер тапшылығы сезілуде. Сонымен қатар стационарларда жұмыс жасайтын анестезиолог, реаниматолог, акушер-гинеколог, педиатрия саласында  өзекті неанатолог дәрігерлеріне сұраныс көп, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Сенат отырысында биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын таныстырып, жоба қолдау тауып, мақұлданған болатын. Заң жобасы негізгі биологиялық қауіптерді, соның ішінде аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, аса қауіпті инфекциялардың ошақтары ел аумағының жартысында таралуының алдын алуды мақсат тұтып отыр. Өйткені оба ауруы 10 облыстың, туляремия 12 облыстың аумағында, геморрагиялық қызба 4 облыстың және Шымкент қаласының аумағында анықталған. 2000-дай күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекендер бар. Заң аясынада қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі де назарға алынады. Қазақстанның халықаралық туристік-іскерлік байланыстарын кеңейтуі нәтижесінде жыл сайын мысалы, тырысқақтың әкелінуі жағдайлары тіркеліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы