Елімізде рұқсат етілмеген полигондар 38 % -ға қысқарған

24 Мамыр 2024, 15:43
406
Бөлісу:
Елімізде рұқсат етілмеген полигондар 38 % -ға қысқарған
Фото: pixabay.com

Экология Министрлігі «Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен бірлесіп еліміздің аумағында рұқсат етілмеген коқыс полигондарын анықтау және жою бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Абдуалиев айтты.

Соңғы үш жылда рұқсат етілмеген полигондар санын 2020 жылмен салыстырғанда 38%-ға қысқарту үрдісі байқалды. 2023 жылы олардың саны 5534, оның 4714 (86%) жойылды. Осы жылдың 22 мамырындағы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 275 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды,- деді спикер.

Сондай-ақ, қалдықтарды жинақтау,жинау,тасымалдау,есепке алу, қалпына келтіру, кәдеге жарату бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2023 жылы жалпы сомасы 17,2 млн.теңгеге 152 лауазымды тұлға, 2024 жылы жалпы сомасы 2,2 млн теңгеге 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілік жауапкершілікті күшейту мақсатында Министрлік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 344 - бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарастырып жатыр. Онда, жеке тұлғаларға қоқыстарды белгіленген орындардан тыс жерге тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті 50 айлық есептік көрсеткіштен (184,6 мын.теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (738,4 мың.теңге), заңды тұлғалар үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен (369,2 мың.теңге) 750-2000 айлық есептік көрсеткішке дейін (2769,07 – 7384,0 мың.теңге) және көлік құралдарын тәркілеумен (ӘҚБтК-нің 344- бабы) қарастырылған,- деді Айдар Абдуалиев.

Өзгелердің жаңалығы