Бұл ақпаратты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр бүгінде рөлі оң жақтағы көліктерді заңдастыру және олардың рөлін оң жақтан сол жаққа ауыстыруға қатысты мәселелер қаралып жатқанын жеткізді.
2007 жылдан бастап рөлі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заң жүзінде шектеу қойылғанын білесіздер. Бірақ мемлекет басшысы тапсырмасының аясында шешім қабылданады. Қазір қаралып жатыр. Біздің мәлімет бойынша Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан шамамен 19 мың көлік бар, - деді ол.