Елімізде республикалық маңызы бар жолдар екі айда 235 рет жабылған

24 Желтоқсан 2019, 07:20
1669
Бөлісу:
Елімізде республикалық маңызы бар жолдар екі айда 235 рет жабылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда екі ай ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 235 рет көлік жүрісіне шектеу қойылды.

Салалық ведомстводан хабарлағадай, 2019-2020 жж қысқы кезең жолшылар үшін жабысқақ қардың салдарынан "Өскемен – Зырянов – Рахманов қайнары" автомобиль жолының жабылуынан басталды. Қазан және желтоқсан айларының аралығында республикалық маңызға ие жолдарда қозғалысқа 235 рет шектеу қойылған.

Қазан және желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысының жолдарындағы қозғалыс 72 рет шектелген. Жолдың жабылуының жиілігі бойынша өңірлер арасындағы екінші орын Ақмола облысына тиесілі. Мұнда жолдардағы қозғалысқа 49 рет шектеу қойылыпты.
Жолдар көбіне жолдағы жағдайды көруге кедергі келтіретін, жол-көлік оқиғаларының туындауына қауіп төндіретін тұман, боран, жабысқақ қар, жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі сияқты ауа райының қолайсыз жағдайлары салдарынан жабылады, - делінген  ҚР ИИДМ хабарламасында.

Қарашада Шығыс Қазақстан облысында температура - 34 градусқа дейін төмендеп жолдар 15 рет жабылды. Сол кезде өңірде 12 жылыту пункті жұмыс істеді. Қазақстанда осындай 124 пункт бар.

Бұдан басқа, биыл жолшылар көктайғақта жолға шашылатын 60 мың текше метр құм, 13 мың текше метр тұз қоспасын дайындаған.

Ауа райы қолайсыз кезде "Қазақавтожол" ЖШС жолдарды жіті бақылауға алады. Кәсіпорын 1 067 жол техникасымен жабдықталған.

Қазақстанда жолдардың 25 мың шақырымы қысқы күтіп ұстау шарасымен қамтылса, оның 21,1 мың шақырымы "Қазақавтожол" ЖШС-на, 3,4 мың шақырымы қайта құру нысандарындағы мердігерлік ұйымдардың және 422 шақырымы күрделі жөндеудің ауыспалы нысандарының қарамағында.

Еске салайық, жалпы пайдаланымдағы жолдардағы қозғалыстың шектелуі мен жабылуына "QazAvtoJol" ҰК" АҚ, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар және әкімшілік полиция комитеттері жауапты.


Өзгелердің жаңалығы