Елімізде реформалардың саяси-құқықтық негізі түпкілікті құрылады – Шәукенова

31 Желтоқсан 2022, 13:05
1381
Бөлісу:
Елімізде реформалардың саяси-құқықтық негізі түпкілікті құрылады – Шәукенова

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Ұлттық ғылым академиясының академигі Зарема Шәукенова 2023 жылы болатын оң өзгерістер туралы айтып, қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жыл - бұл үміт сыйлап, жақсылықты күтетін уақыт. Келе жатқан 2023 жылды ерекше күтеміз және оған айтарлықтай негіз де бар. Бүкіл қазақстандық қоғам әділетті Қазақстанда өмір сүруді  күтеді. Бұл жай ғана теориялық конструкция немесе жоғарыдан келген идеологема емес, бұл қазақстандықтардың қоғамымыздың қалай құрылуы керегі, азаматтар мен биліктің қарым-қатынасы, қарапайым азамат пен Президентке дейін, әр қазақстандық отбасының, нақты адамдардың құндылықтары мен мәні туралы саналы түсінігі, - деді ол.

Айтуынша, философиялық тұрғыдан бар дүние мен болуға тиісті дүние арасындағы қайшылық туралы айтуға болады. Саяси өмірде азаматтардың үміті биліктің, нақты шешім қабылдайтындардың іс-әрекеттерімен анықтала бермейді. Президент алғашқы қадамдарында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын алға тарта отырып, бұл қайшылықты алып тастауды ұсынған болатын. Ол 2019 жылы саяси жүйені реформалау бастамасын көтерді. Бұл саяси реформалардың алғашқы жинағы болды, әр түрлі мемлекеттік органдар мен ведомстволар жанындағы қоғамдық кеңестер құрылды. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК), содан кейін құрамына азаматтық қоғамның көптеген беделді өкілі кіретін Жалпыұлттық құрылтай құрылды. Осы алаңдар аясында бүгінде тәжірибеге енген бірқатар саяси бастама мен инновация енгізілді. Бұл мысалы, бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыруды алдын ала ескерту тәртібі және оның либерализациясы, саяси партияларды құрудағы тіркеу кедергісін айтарлықтай қысқарту, сайлауалды партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастарға 30% квота беру парламенттік оппозиция институты тәжірибеге енгізілді, - дейді Зарема Шәукенова.

Алдағы жылдың 14 қаңтарындағы Парламент Сенаты сайлауы қарсаңында Алматы қаласынан сенаторлыққа негізінен әйелдер ұсынылды, Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы жаңартылып, кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Осылайша, барлық жерде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті, жаңа схема бойынша баламалы негізде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындалады, 

5 маусымдағы референдумда енгізілген түзетулерге сәйкес, Президент жергілікті өкілді органдарға, яғни мәслихаттарға бекіту үшін әкім лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады. Азаматтардың онлайн–петициялары тәжірибеге енді. Сайлау бюллетеньдерінде кезектен тыс президенттік сайлауда сыннан өткен «бәріне қарсы» деген баған пайда болды. Осы орайда, «қаңтар оқиғасынан» кейін қоғам суперпрезиденттік билік жүйесіне қарсы шығып, Президенттің өкілеттігін шектеу мәселесі қайта қарастырылды, - деп айтты сарапшы.

Шәукенова атап өткендей, келер жылдың басында қоғамда сын тудырған «Тұңғыш Президент туралы» Заң күшін жояды. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша биліктің барлық тармағының нақты теңгеріміне қарай жүріп келеміз. Бұл тәсіл келер жылдың көктемінде Парламенттік, жыл басындағы Сенат  және одан әрі Мәжіліс сайлауында пропорционалды-мажоритарлық жүйеде жаңа тіркелген саны көп партиялардың бәсекелестігі негізінде толықтай жүзеге асырылады. 

2023 жылғы сайлау циклі «қызу» өтеді деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде түрлі қоғамдық мүдделерді алға тартып жатқан жаңа партиялық-саяси күштер алға шығып жатыр. Қазақстан Республикасы Президентінің билік басындағы партияның құрамынан шығуы жаңа прецедент тудырды. Оған сәйкес осы саладағы биліктің әкімшілік ресурсы жойылып, еліміздің партиялық-саяси өрісі шын мәнінде бәсекеге қабілетті және Парламенттің қызметі белсенді және тиімдірек болады. Біз парламенттік демократияның нақты әрекетін көреміз, - деп айтты Зарема Шәукенова.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін елімізде реформалардың саяси-құқықтық негізі түпкілікті құрылады, бұл үшін қажетті институттар құрылып, жұмыс істейтінін күтемін. 1 қаңтардан бастап Конституциялық Сот пен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа конституциялық өкілеттіктерге ие бола отырып, жұмыс істей бастайды, бұл азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруын айтарлықтай арттырады. Бұл дәйекті қадамдар еліміздің тұрақты даму траекториясына шығуына, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бойынша Үкіметтің тиімді іс-әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Бүгінде әлемдік саясат пен экономикадағы сыртқы турбулентті үрдістердің ықпалын бәріміз де сезініп отырмыз. Үкімет қоғамда күтіп отырған ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы үдемелі және жүйелі түрде жетілдіру стратегиясын әзірлей алады деп сенемін. Ғылым саласының өкілі ретінде ғылым мен жоғары білімді басқарудағы оң өзгерістерді, мемлекет тарапынан ҒЗТКЖ-ға үлкен көңіл бөлінгенін көріп отырмын, онсыз ешбір мемлекет дами алмайды деп ойлаймын. Мемлекет басшысына саяси ерік-жігері мен іс жүзінде мемлекеттің қамқорлығымен еліміздің ғылыми әлеуетін сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру туралы шешімі үшін зор алғысымды білдіремін, - деп сөзін толықтырды Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті.

Шәукенова алдағы 2023 жылы бұл мәселе бойынша барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты. Бұл ретте академиктердің бастамасымен құрылған Премьер-министрдің орынбасары төрағалық ететін Ұлттық ғылым академиясын трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия маңызды рөл атқарады.

Осылайша, мен болашаққа және Жаңа 2023 жылға үлкен оптимизммен және үмітпен қараймын. Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды жарқын мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен тұрақтылық, өзара түсіністік пен келісім тілеймін! – деп сөзін түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы