Референдум: Елімізде дауыс беру уақыты аяқталды

Бөлісу:
Референдум: Елімізде дауыс беру уақыты аяқталды
Фото: Артём Чурсинов

Елімізде АЭС құрылысы бойынша өткен референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді референдум учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды.

Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.

Қазақстандағы референдум таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасты. ОСК мәліметінше, елде дауыс беру құқығына ие 12 176 968 адам болды. 

Дегенмен референдум учаскелері әлі шетелде жұмыс істеп тұр.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы