Елімізде қолданыстағы пәтерлердің бағасы 27,7%-ға өскен

10 Сәуір 2022, 16:33
1896
Бөлісу:
Елімізде қолданыстағы пәтерлердің бағасы 27,7%-ға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы наурызда 22,5% артқан.

Бір айдың ішіндегі өзгерістерді алатын болсақ, тұрғын үйлерді сату бағалары 2022 жылғы ақпандағы 0,4%-дан наурызда 5,5% дейін көтерілді. Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда наурызда 4,6%, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 3,5% өсті.

«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.
 

Өзгелердің жаңалығы