Елімізде қанша қар барысы бар?

17 Желтоқсан 2024, 16:17
662
Бөлісу:
Елімізде қанша қар барысы бар?
Фото: pixabay.com

Экологи және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қанша қар барысы бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шара қабылданды. Олардың негізгі тіршілік ету учаскелерінде 3,6 млн га аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Қазіргі кезде қар барысы мекендейтін жерлердің 70 пайызға жуығы осындай ерекше аумақтармен қорғалған, – дед Нысанбаев.

Экология министрі қар барысын бақылау үшін фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылып жүргенін атап өтті.

11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды, алдағы уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру жоспарланып отыр. Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден (еск -80-100 бас) екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті, – деді Ерлан Нұрәліұлы.

Өзгелердің жаңалығы