Елімізде қалқанша безінің ісігіне шалдыққандар саны 50%-ға артқан

30 Маусым 2024, 04:20
319
Бөлісу:
Елімізде қалқанша безінің ісігіне шалдыққандар саны 50%-ға артқан
Фото: Ұлттық ғылыми онкология орталығының баспасөз қызметі

Қазақстан халқының қалқанша безінің қатерлі ісігімен сырқаттануы 12 жылда 50%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елордада Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұйымдастыруымен өткен ғылыми конференцияда белгілі болды.

Қалқанша безі - адам жұмысында маңызды рөл атқарады, ол организмге және барлық органдарға әсер береді.

Мамандардың айтуынша, қалқанша безінің түйіндік түзілімдерінің проблемасы бүкіл әлемде өзекті. Әр түрлі елдердің тұрғындары арасында қалқанша безінің түйіндерінің таралуы 34%-дан 66%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды.

Елімізде қалқанша безінің ісігіне шалдыққандар саны 50%-ға артқан

Бұл түзілімдердің шамамен 10%-ы қатерлі және соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтау проблемасына айналатын қалқанша безінің қатерлі ісігінің өсу тенденциясы байқалды.

Емдеудің инновациялық әдістерінің бірі ретінде мамандар таргеттерапияны атады. Бұл әдіс ісіктің өзіне, сондай-ақ алыс метастаздарға бағытталған. Химиятерапияға қарағанда емдеу әдісі сау жасушаға тиіспей, тек ауру жасушаларға ғана әсер ететіндігімен ерекшеленеді.

Қалқаншабездің қатерлі ісігі екі түрге бөлінеді: бұл – ауырсынусыз өтетін сараланған түрі және ауыр өтетін сараланбаған түрі. Біздің зерттеулерімізге сәйкес, жағымды дифференцияланған түрі 84,5 пайызды құрайды. Бұл жағдайда пациенттерді емдеуге мүмкіндік бар. Жағымсыз формалардың өзінде диагностикалаудың жаңа диагностикалау түрі пайда болды. Оларға арналған мақсаттық препараттар бар, ол генетиканың өзіне негізделіп, таргеттерапия деп аталады, - деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Тасболат Әділханов.

Өзгелердің жаңалығы