2023 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 280,4 тонна конверт, пошталық ашықхат, қағаздан немесе картоннан жасалған хат-хабар, қағаздан не картоннан жасалған жазба дәптерлері шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,9% артық (2022 жылғы қаңтар-тамыз – 158,5 тонна).
Импорт үлесіне қағаз кеңсесінің 49,3% тиесілі, елге аталған өнімнің 272,7 тоннасы әкелінді. Импорт көлемі сегіз айда 86,3% өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында экспортқа 0,5 тонна өнім жөнелтілді.
Ішкі нарықта 8 айда барлығы 552,6 тонна өнім сатылды.