Елімізде прогрессивті салық шкаласы қашан қабылдануы мүмкін?

27 Қазан 2020, 14:22
3415
Бөлісу:
Елімізде прогрессивті салық шкаласы қашан қабылдануы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда прогрессивті салық шкаласы қабылданса, салықтан жалтарулар көбейуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты.

Прогрессивті салық шкаласы әлі қабылданған жоқ. Оны біз жаппай декларациялаумен байланыстырамыз. Өйткені үлкен тәуекелдер бар. Салықтың ставкасы өссе, жалтару басталуы мүмкін. Алдымен жалпыға бірдей декларация тапсыру кезең-кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезеңде - мемлекеттік қызметкерлер, екінші кезеңде - квазимемлекеттік сектор өкілдері, үшінші кезеңде - кәсіпкерлер, соңғы кезеңде - азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады. Ал үдемелі салық жүйесін осыдан соң қарастырамыз, - дейді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу есепшілерге (бухгалтерлерге) қиындық тудырады.

 Жалпы прогрессивті табыс салығының негізі принциптері бар. Ең минималды табыстан салық төленбейді. Одан сәл көп болса, 1 пайыз салық ұсталады. Яғни 90 пайызға салықтың мөлшері азаяды. Ал қалғандары 10 пайыз төлейді. Сондай үш шкала бар. Енді табысты көп табатындарға 10 пайыздан көбейтсек, шынымен жалтарулар басталуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізу де қиындайды. Өйткені кейбір адам бірнеше жұмыс орнында істейді. Оның бәрін жинауы керек, - дейді комитет төрағасы.

Айта кетейік, көктемде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс са­пары кезінде жеке кіріс салы­ғы­ның үдемелі өлшемін енгізу туралы тап­сырмасын түсіндіргені бар. 

Қазіргі уа­қытта айына 250-300 мың теңге жа­лақы алатын азаматтар табыс са­лығынан 10 пайыз салық төлеп отыр. Ал үдемелі өлшем жүйесі ен­гізілсе, 250-300 мың теңге ала­тын­дар жеке кіріс салығын 7 пайыз­дық мөлшер­лемемен төлей­тін болады. Ал айына 300 мың тең­геден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қа­зіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақ­­­талады, – деді Тоқаев.

Яғни 25 миллион тең­ге­ден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме кө­ле­мі артуы тиіс деп санайды. Әри­не, оның кө­лемін Үкіметтің комис­сия­сы анық­тайды. Ал Мемлекет бас­шысының пікірінше, жеке кіріс салығының жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек.

Өзгелердің жаңалығы