Елімізде пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады

16 Қыркүйек 2023, 06:33
11050
Бөлісу:
Елімізде пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады
Фото: Артём Чурсинов

Жолаушылар тасымалы" АҚ күз айларында бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне жеңілдік жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ биыл 18 қыркүйектен 26 қазанға дейін және 6 қарашадан 7 желтоқсанға дейін үш теміржол бағыты бойынша Тальго пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізеді, - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар мына пойыздарға арзан билет сатып ала алады:

№ 79/80 "Астана – Арқалық" - билет құнынан 20% жеңілдік;

№81/82 "Астана – Қостанай" - 30%;

№65/66 "Астана – Жезқазған" - 40%.

Билеттерді жеңілдікпен ресми www.bilet.railways.kz сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ, жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады.

Жеңілдік туралы қосымша ақпаратты тегін 1433 нөмірі және "ktzh_pp_bot" телеграмм-боты арқылы білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы