Елімізде пандемияның алғашқы кезеңінде суицид артқан

12 Қазан 2021, 13:17
5643
Бөлісу:
Елімізде пандемияның алғашқы кезеңінде суицид артқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми менеджмент және білім бөлімінің басшысы Айгүлім Абетова мәлімдеді.

Оның айтуынша, пандемия жарияланғанда адамдардың көбі күйзеліске түскен. Сыртқа шыға алмай, дос-жарандарымен кездесе алмаған, одан басқа да жоспарлары іске аспай, үйде оқшаулану адамдарға кері әсер еткен.
Пандемия басталған алғашқы кезде суицид деңгейі артты. Одан кейін жағдай тұрақталды, қазір бұрынғы деңгейде. Жалпы Қазақстанда суицидтің деңгейі жоғары, - деді Абетова.

Сонымен қатар ол елімізде суицидтің алдын алу бойынша кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Адамды суицидке итермелейтін көптеген фактор бар. Сол үшін елімізде оның алдын алу шаралары жүріп жатыр. Қазір тек психиатрлар емес, қалалық емханадағы дәрігерлердің барлығы суицидке қарсы бағдарламалармен танысып, үйреніп жатыр. Бұл ЮНИСЕФ-тің бағдарламасы, онда барлығы жан-жақты жазылған. Адамды суицидке не итермелейді, өзіне қол салғалы жүрген баланы қалай анықтайды, оған қарсы қандай шара қолдану керек - бәрі көрсетілген, - дейді Айгүлім Абетова.

Өзгелердің жаңалығы