Елімізде өрт сөндіретін қанша тікұшақ бары белгілі болды

15 Маусым 2023, 14:06
522
Бөлісу:
Елімізде өрт сөндіретін қанша тікұшақ бары белгілі болды
Фото: Ақорда

Елімізде төтенше жағдай болған жағдайда өрт сөндіретін қанша тікұшақ бары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.

Бізде тек су шашатын құрылғысы бар 33 тікұшақ қана бар. Бірақ оның 16-сы ғана өрт сөндіре алады. Қалғандары іздеу, барлау жұмыстарына арналған. Бірақ олардың барлығын бірдей қажет аймаққа жөнелте алмаймыз. Өйткені қандай да бір жоспарлы, реттеу жұмыстары жүргізіліп жатуы мүмкін. Сондықтан олардың жартысы әрқашан жөндеуде болады, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Айтуынша, өрт сөндіретін мақсаттағы ұшақтар жоқ.

Ұшақтар жоқ. Оған қаражат бөлуін сұрастырған едік, бірақ ол қарастырылмады. Сондықтан әлі ұшақ сатып ала алмадық, - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр Абай облысындағы алапат орман өртінің толықтай ауыздықталуына әлі төрт-бес күн уақыт қажет екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы