Елімізде орман өрттерін ерте анықтайтын жүйе енгізілді

Автоматтандырылған жүйе «Ертіс Орманы» табиғи резерватында және «Көкшетау» ұлттық паркінде іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 10 Желтоқсан 2024 2024, 12:16
10 Желтоқсан 2024 2024, 12:16
615
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Автоматтандырылған жүйе "Ертіс Орманы" табиғи резерватында және "Көкшетау" ұлттық паркінде іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ, "Медеу" өңірлік паркінде, "Бурабай" ұлттық паркінде, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының орман мекемелерінде енгізілген.

Жүйе орман алқаптарын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Арнайы оптикалық датчиктер мен деректерді талдау алгоритмдері әртүрлі жағдайларда, соның ішінде таулар мен далада, тіпті ұзақ қашықтықта да өртті автоматты түрде анықтайды. Жүйеге жасанды интеллект біріктірілген, ол деректерді тіркеп, бірден ақпарат орталығына жібереді. Жүйе енгізілген учаскелерде бейнекамералар, деректерді беруге арналған антенналар, сондай-ақ деректерді өңдеу және электрмен жабдықтау жүйесі орнатылған, - деді спикер экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев.

Наверх