Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұған дейін хабарлағандай, 2023 жылы 928,2 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылып, 12,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізгі жобалар мыналар:
- «Silk Road Electronics» ЖШС, Қарағанды облысында тұрмыстық техника шығаратын зауыт;
- «Шұбаркөл Көмір» АҚ, Қарағанды облысында арнайы кокс шығаратын зауыт;
- ERG компаниялар тобы / «Қазхром «ТҰК» АҚ, Ақтөбе облысындағы шламды өңдеу бойынша байыту фабрикасы;
- «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС, Ақтөбе облысындағы мобильді бұрғылау қондырғыларын шығаратын зауыт;
- «Алмаз Керамикс (Diamond Ceramics)» ЖШС, Жетісу облысында жылына 1,2-ден 3,5 млн шаршы метрге дейін керамикалық плиталар өндірісін кеңейту.
Жобалардың ең көп саны Түркістан (18), Астана қ. (17), Солтүстік Қазақстан (13), Жамбыл облыстарында және т. б. өңірлерде.
Уәкілетті орган енгізілетін жобалар бойынша мониторинг жергілікті атқарушы органдардан да, кәсіпорындар өкілдерінен де, сондай-ақ ашық көздердегі жарияланымдар мен ресми ашылулар шеңберінде ұсынылатын құжаттамалар негізінде енгізіледі және тиісті тәртіппен тіркеледі