Елімізде невролог дәрігерлер тапшы - депутат

10 Қазан 2022, 13:43
976
Бөлісу:
Елімізде невролог дәрігерлер тапшы - депутат

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Елеуов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Ол ауылдық және қалалық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған. Осы жоба аясында барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өкінішке қарай, елімізде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысымен ауыратын емделушілердің саны жыл сайын артып келеді. Бұны емдеудің консервативті әдістері - амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ және перитонеальді диализ, радикалды әдіс - бүйрек трансплантациясы, - деді Ғалымжан Елеуов.

Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 8 687 адам амбулаториялық гемодиализ алады.

Айта кету керек, гемодиализ процедураларын жүргізу негізінен облыстық маңызы бар қалалардағы гемодиализ орталықтарымен қамтамасыз етіледі. Көбінесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысымен ауыратын ауыл тұрғынының гемодиализ процедураларын алу үшін қалаға көшуге мүмкіндігі жоқ, оны күн сайын, өмір бойы алу керек! Емделушілердің аудандардан облыс орталықтарына гемодиализге баруы проблемалы екені жасырын емес. Өйткені бұл елеулі қаржылық шығындар мен әлеуметтік жағдайдың нашарлауына әкеледі, - деді ол.

Сонымен қатар Елеуов невролог дәрігерлердің тапшы екенін  атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы